АЛТЫ

lat: ALTY /24/

сан. Бестен кейінгі есептік сан .

Бұл бөлмеде үш тағдыр бар, үш Адам,

Торда отырған торғайларға ұсаған.

Үш адамда үш түрлі емес, жалғыз дерт,

Жалғыз тұзақ алты аяқты тұсаған (3,70).

Былтырғы жыл Алматыға келгенде,

Былай деген сөзін ұқтым батырдың:

Шалқар ойым сыймайды екен өлеңге,

Алты актілі пьеса жазып жатырмын (1,88).